Экономика • 11 Қараша, 2019

Ақша аударымын тексереді

669 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі салықтан жалтарған кәсіпкерлерді анықтау үшін халықтың электронды қаржы аударымын тексеруді қолға алмақ. Министрдің орынбасары Берік Шолпанқұлов журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

Ақша аударымын тексереді

Вице-министр атап өткен­дей, егер азаматтар қандай да бір электронды процедурадан табыс табатын болса, оған да салық салынуға тиіс. Ол са­лықтың мөлшері де әртүрлі болуы керек. Айталық, жеке кәсіп­кер электронды қаржы аудары­мынан табыс тапса – жеке табыс салығы салынады. Заң­ды тұлға болса, тиісінше кор­поративтік табыс салығы, қосымша құн салығы және тағы басқалары төленуге тиіс.

– Мәселен, егер сіз комму­нал­дық есепшотты төледіңіз делік. Оны тексеруге болады. Аталған қаржыны алушы бар, оған Салық комитеті мониторинг жүргізеді. Ал түрлі жеке тұлғалардан төлем түсетін болса, онда ол адам кенеттен табыс таба бастады ма деген сауал туындайды. Әрине сіз әкеңізге ақша жіберсеңіз, оның кіріс емес екені де түсінікті, – дейді Б.Шолпанқұлов.

Вице-министр халықтың бі­реуге көмектесу үшін қайы­рымдылық мақсатта жасалатын қаражат аударымына да тоқталды. Б.Шолпанқұловтың айтуынша, оның бәрін салық қызметі тексеріп отырады.

– Ондай төлемдердің түрін айқын­дап алу керек. Айталық ақша аударымы тауарға немесе қайырымдылыққа аударылды деген сияқты саралау жүргізіліп, барлық төлемдер белгіленіп отыруы керек, – деді вице-министр.

Қаржы министрлігі Kaspi.kz-пен бірлесіп қолма-қол есеп айырысудың жаңа заңды жо­лын жасауды қолға алып жат­қанын да айта кетейік. Таяу­да министрлік өкілдерінің бри­фин­гінде Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев еліміз­дегі ірі банктердің бірінің клиент­тері қолма-қол ақшасыз есеп айы­рысуды комиссиясыз жүр­гізетініне тоқталды.

– Kaspi Gold қазір өте танымал құрал. Төлем жүйелері туралы заң тұрғысынан келсек, барлық талаптарға сай. Бірақ Салық кодексі мен фискалдандыру тұрғысынан келсек, талапқа сай келмейтін тұс­­тары бар. Біз оған тыйым салуды ойластырғанбыз, бі­рақ онда экономикаға кері әсер етуі мүмкін. Мұндай оңай құрал бірінші кезекте тұ­тыну­­шылар үшін ыңғайлы. Екін­ші­­ден, қолма-қол ақша­сыз төлем­дер­дің үлесін айтарлық­тай кө­бейт­­ті, – деді ол. Сол себеп­ті қазір­гі таңда Қаржы министр­лігі мен Kaspi.kz бірлесіп жұ­мыс іс­тейтін бағдарлама әзірлеуде.