Аймақтар • 11 Қараша, 2019

Екібастұздағы МАЭС-1 ЖШС қысқа дайын

881 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019-2020 жылдарғы жылыту кезеңінің басталуына қарай «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымындағы энергетикалық компанияларының бәрі толық техникалық жабдықтың  дайын екенін хабарлайды.

Екібастұздағы МАЭС-1 ЖШС қысқа дайын

Ал  «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – «Самұрық-Энерго» электр-энергетикалық холдингінің еншілес компаниясы ел нарығына электр энергиясын жеткізушілердің бірі.

Биыл кәсіпорынның жұмыс қуаттылығы 1 892 МВт-ты құраса, 6 энергия блогы бір мезетте қосылған кезде көрсеткіш 3 028 МВт-қа жеткен.

Соңғы төрт айда 6,448 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілген. Стансада  №4 ,№5 №7, №8-ші энергия блоктарында күрделі жөндеу аяқталды.

Ал №3 энергия блогында күрделі жөндеу жалғасуда.

Сондай-ақ қысқы кезеңге дайындық жұмыстарына жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын нысандар мен энергия беруші ұйымдар да қатысуда.

Әзірлік паспорты-энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын растай отырып, жыл сайын берілетін құжат.

Энергия нысандарының дайындығын бақылауды  Энергетика министрлігінің «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі іске асырады.