Президент • 12 Қараша, 2019

«Астана клу­б» отырысы аясындағы кездесулер

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің бұрынғы Бас директоры, Нобель сыйлығының лауреаты Мохаммед Әл-Барадеймен және Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Граноффпен кездесті, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.

«Астана клу­б» отырысы аясындағы кездесулер

Кездесу барысында Нұр­сұлтан Назарбаев «Астана клу­бы­ның» отырысына қатысқаны үшін Мохаммед Әл-Барадей мен Джонатан Граноффқа алғыс білдірді.

– Мохаммед Әл-Барадей МАГАТЭ-ны ядролық қару­ды таратпауға жауапты негіз­гі органға айналдырды. Біз Сіз­бен бірге Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құруды бастадық. Бұл өте маңызды оқиға болды. Біздің елімізге аз байытылған уранның алғашқы партиясы келді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті.

Сондай-ақ Елбасы Жаһандық қауіпсіздік институтының ядро­лық қаруды таратпаудағы маңыз­ды рөлін атап өтті.

– Қазақстанның ядролық қарусыздану мәселесіндегі рөлін жақсы білесіздер. Біз ядролық қауіпсіздікті қамта­масыз етуге бағытталған барлық мәселелерге белсенді қатысып жүр­міз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде МАГАТЭ-нің бұрынғы Бас директоры Қазақ­стан ядролық қарусыз әлем құру идеясын қолдайтындығын іс жүзінде дәлелдегенін айтты.

– Сіз ядролық қарусыздану саласындағы жетекші рөліңізді дәлелдедіңіз. Қазақстан өз сөзін нақты іс-әрекеттермен растады,  ядролық әлеуеттен бас тартты, Семей полигонын жапты. Енді Сіздің күш-жігеріңізді ғаламдық және жергілікті деңгейдегі мәселеге бағыттау мүмкіндігі маңызды болып отыр, – деді Мохаммед Әл-Барадей.

Өз кезегінде Ғаламдық қауіпсіздік институтының пре­зиденті Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жаппай қырып-жою қаруын таратуға қарсы іс-қимылын жоғары бағалады.