Кездесу барысында Елбасы Жозе Мануэль Баррозуға «Астана клубының» жұмысына қатысқаны үшін алғысын білдірді.
– Біздің достығымыз бұрыннан бері жалғасуда. Сіздің Еуропалық комиссияға төрағалығыңыз кезінде біз кеңейтілген серіктестік туралы келісімге қол қойдық. Өзіңізге белгілі, мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасымын. Енді біздің ұйымымыз бен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты жолға қою маңызды, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде Жозе Мануэль Баррозу Қазақстанның Еуропа елдерімен серіктестігін қол жеткізілген келісім аясында одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.