Аймақтар • 13 Қараша, 2019

Фронт-кеңсе ашылды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Алтай ауданында «Шығыс – адалдық алаңы» фронт-кеңсесі ашылды. Аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан кеңседе жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары мен мамандары жұмыс істейтін болады.

Фронт-кеңсе ашылды

«Облыс әкімі Даниал Ах­ме­товтің тапсырмасына сәй­кес аудандар арасында алғаш ашылған фронт-кеңседе тұрғындарға кеңес беріледі, тиісті құжаттар қабылданады. Фронт-кеңсеге жүгінген қала тұрғындары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қызмет ала алады» деді кеңсенің ашылуында сөз сөйлеген Алтай ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов.

Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «Шығыс – адалдық алаңы» кедергісіз орта жасауға, басшылардың жауапкершілігін күшейтуге, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақы­лауды күшейтуге мүмкіндік бе­ретін бірегей жоба екен­дігін атап өтті. «Бұл жоба мем­лекеттік органдар қызметінің ашық­ты­ғын, ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы әрекет мәселелеріне, азамат­тардың мемлекеттік билік органдарына се­німін арттыруға бағытталған» дейді ол.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы