Президент • 14 Қараша, 2019

«CNPC» корпорациясының басшысын қабылдады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«CNPC» корпорациясының басшысын қабылдады

Тоқаев

Қазақстан Президенті қа­зақ-қытай арасындағы тату көр­шілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне «CNPC» компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.

– «CNPC» компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында ең­бек етеді. Сіздің корпорация жү­зеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «CNPC» ба­с­шы­лығының алдына қазақ­стан­дық жұмысшылардың жала­қысын көтеруге, олардың айлы­ғын шетелдік жұмысшыларға тө­ле­нетін еңбекақы деңгейімен те­ңес­тіруге, сондай-ақ та­уар сатып алу және қызмет көр­сету ісінде қа­зақстандық өнім­нің үлесін арт­тыруға байланысты бірқа­тар міндет қойды.

Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі да­мы­­туға қатысты компанияның ал­дына қойылған міндеттерге түсі­ніс­тікпен қарайтынын жеткізді.