Президент • 14 Қараша, 2019

Президент Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйледі

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйледі

«Құрметті қауым! Бүгін өздеріңізбен Көкше төрінде жүздесіп отырмыз. Арқаның айрықша сұлу аймағы – бүкіл еліміздің мерейі әрі мақтанышы. Бұл – тарихы терең, табиғаты ғажайып киелі өлке. Тұғыры биік тұлғалар шыққан қастерлі өңір. Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары. Осы жердің тұрғындары ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Сондықтан облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, даму келешегі – еліміз үшін өте маңызды міндеттердің қатарында.

Құрметті жиынға қатысушылар! Мен Жолдауда айтып өттім, экономикалық өсімді және тың өзгерістерді еліміздің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Біз халықтың әл-ауқатын арттыруды әрдайым басты назарда ұстауымыз керек. Өңірде тұратын азаматтарымыздың тұрмыс сапасы жоғары стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл, ең алдымен, жергілікті халық тұрғын-үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым сияқты игіліктерді көруі тиіс деген сөз. Сол себепті барлық деңгейдегі әкімдер жұмысты жаңа талапқа сай, тиімді ұйымдастыруы қажет. Осыған орай, бүгінгі жиында Ақмола облысын дамыту мәселелерін қарастырамыз», деп жазды Берік Уәли.