«Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының сапары бағдарламасында Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен, Премьер-Министр Никол Пашинянмен және Президент Армен Саркисянмен кездесулері бар.
Жүздесулерде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегін талқылау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.