Қазақстан • 14 Қараша, 2019

Елордада «JANA BELES 2019» студенттер қатарына қабылдау жиыны өтеді

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада «JANA BELES 2019» студенттер қатарына қабылдау жиыны өтеді

«Жастар жылы аясында бас қалада 18 қараша күні «JANA BELES 2019» студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтеді. Іс-шараға екі мыңнан астам студент қатысады.

Жиын «Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен өтеді.

Студенттер алдында «Шоу Ирины Кайратовны» YouTube жобасымен танымал «Ирина Кайратовна» музыкалық тобы, Мирас Жүгінісов, Ринат Малцагов және басқа да танымал қазақстандық әртістер өнер көрсетеді.

«JANA BELES 2019» шарасы аясында елорданың жоғары оқу орындарының қатысуымен арнайы көрме өтеді. Кештің салтанатты бөлімінде студенттік билеттер мен бағалы сыйлықтар табысталады», делінген хабарламада.