Медицина • 14 Қараша, 2019

Қырғыз Республикасында Қазақстан медицинасының күндері өтті

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстандағы Қазақстан медицинасының күндері Бішкекте 13-14 қарашада Қырғыз Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері өтті. Бұл іс-шара Қазақстан және Қырғызстанның медициналық ұйымдарының арасындағы серіктестік пен өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Қырғыз Республикасында Қазақстан медицинасының күндері өтті

Қазақстандық делегацияның құрамында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, жетекші медициналық орталықтардың, мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарының, ЖОО-лардың, фармацевтикалық өнімдерді өндірушілердің, медициналық қоғамдардың жетекші мамандары бар. Қазақстандық делегацияның басшысы — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығын басқарма төрағасының міндетін атқарушы Баймаханов Болатбек Бимендеұлы таныстырды. Болатбек Беймендеұлы жоғары деңгейдегі осы сессияда «Қазақстан Республикасындағы органдық трансплантация» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық хирургия орталығымен, Қырғызстан гепатологтар қауымдастығымен, Қырғыз Республикасының Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Осы екі жақты серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандум Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әріптестіктің дамуына, сонымен қатар медициналық ұйымдардың интеллектуалдық және инновациялық ресурстарының артуына ықпал етеді.