Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысына іс-сапармен барды

313 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, халықты жұмыспен қамту орталығына және мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығына барды. Кездесулер барысында Ержан Жылқыбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, мүгедектер мен жұмыссыздарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысына іс-сапармен барды

«Ержан Жылқыбаевтың бағдарламасы Тараз қаласындағы №5 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысудан басталды. Ұйым қызметкерлерімен және мүгедектермен сөйлесу барысында, вице-министр арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мүгедектігі бар азаматтарды қоғам өміріне тарту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың белсенді шаралары мемлекеттік деңгейде қабылдануда. Биыл мүгедектерге берілетін жәрдемақыға 315 млрд теңге бөлінді, бұл 2018 жылға қарағанда 10% – ға артық, оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге-85,5 млрд теңге ол өткен жылға қарағанда 6% - ға артық. Арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мүгедектерді қоғам өміріне тарту бойынша жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады», деді Ержан Жылқыбаев.

Ол, сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтер мен оңалту құралдарының сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету порталы енгізілетінін хабарлады.

«Бұл техникалық оңалту құралдарын ұсыну мен арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестерінің мерзімдерін 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, портал оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне оңалту құралдары мен қызметтерінің сәйкессіздігі мәселесін шешеді, себебі мүгедектігі бар адамдар қажетті тауар мен қызметтің түрін өз бетінше таңдай алады», – деп түсіндірді вице-министр.

Жылқыбаев бағдарламасының келесі нысаны қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы болды. Оның қызметкерлерімен әңгімелесу барысында, вице-министр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттар мен микрокредиттер беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көпбалалы және табысы аз отбасыларын кәсіпкерлікке белсенді түрде тартуды тапсырды. Ол үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан бастап гранттар мен микрокредиттер беруге дейінгі барлық қажетті құралдар бар. Жамбыл облысында өз бизнес-жобаларын қорғаған 2 934 адамның 1 046-ы микрокредит алды. Жоспарланған 1 783 гранттың тек 1 314 немесе 73,7%-ы ғана берілді. Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін оларды микрокредиттер мен гранттар беру бойынша жұмысты жандандыру қажет деп санаймын», – деді Жылқыбаев.

Жұмыс сапары барысында вице-министр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында микрокредит алғаннан кейін өз бизнесін табысты дамытып отырған тараздықтармен кездесті.

«Таразда мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланудың оңтайлы мысалдары бар. Мен әйелдердің белсенділігін атап өткім келеді, «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардың бірі сұлулық салонын, екіншісі – ойын клубын, ал үшіншісі – тротуар тақталарын, қабырға блоктарын, жол жиектерін, қаптау материалдары өндірісін ашқан. Ең бастысы, бұл әйелдер өз отбасыларының материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, басқа адамдарға жұмыс жасау мүмкіндігін береді. Бұл жаппай кәсіпкерлікті дамыту құралдарын қолданудың оң әсері бар», деп атап өтті Жылқыбаев, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылармен кездесуден кейін.

Жұмыс сапары барысында вице-министр мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының жұмысымен танысты», делінген хабарламада.