Қоғам • 15 Қараша, 2019

Ортсайлаукомдағы семинар-тренинг

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалық офисімен бірлесе отырып «Ұлттық сайлау заңнамасы мен халықаралық стандарттарды сақтаудағы халықаралық бақылау институтының рөлі» атты семинар-тренинг өткізді.

Ортсайлаукомдағы семинар-тренинг

Аталған семинардың мақ­саты – түрлі халықаралық ұйым­­­дардың миссиялары құра­­­мында шет мемлекеттерге сайлауға халықаралық бақы­лау­шы­лар ретінде шығатын мемлекет­тік органдардың, сай­лау комис­сияларының, үкімет­тік емес ұйымдардың өкіл­дерін оқыту.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диана Дигол құттықтау сөз сөйледі. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңесшісі Радивое Груич «Халықаралық бақылау құралдары және дау­ларды шешу» тақырыбында тұсаукесер жасады. Сондай-ақ семинар аясында жақында өткен сайлауда халықаралық миссия­лар құрамына ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі Назгүл Абдрахман 2019 жылғы ақпанда Молдова Републикасындағы парламенттік сайлауды бақылау және 2019 жылғы шілдеде Украинадағы парламенттік сайлауды бақылау қорытындылары бойынша «Eurasian Expert Council» ҚҚ президенті Шыңғыс Лепсібаев қатысты.

Аталған семинар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы бағдарламалық офисінің жо­ба­лық қызметі шеңберінде жыл сайын 2008 жылдан бастап өт­кізіліп келеді.