Спорт • 15 Қараша, 2019

Ұлттық спорттық жүлде - 2019: Үміткерлерге дауыс беру басталды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті «Altyn Samǵaý - 2019» Ұлттық спорттық жүлдесі үшін дауыс беру басталғанын хабарлады.

Ұлттық спорттық жүлде - 2019: Үміткерлерге дауыс беру басталды

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен бекітілген спорттық жүлде биыл «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Жылдағы дәстүр бойынша жанкүйерлер жыл үздігін биыл үшінші рет анықтамақ. 

«Қадірлі жанкүйерлер! Сіздерді белсенді түрде дауыс беруге шақырамыз. Өйткені, еліміздің үздік спортшысын сіздер анықтайсыздар. Былтыр біздің спортшылар мыңдаған дауыс жинады. Бұл жолы да солай жалғасады деп үміттенеміз. Әрбір дауыс спортшылар үшін маңызды екенін айтқымыз келеді. Үміткерлер жеңіске жету үшін сіздің даусыңыз аса қажет» делінген хабарламада.

Дауыс беру тоғыз аталым бойынша жүргізіледі:

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

«Үздік жас спортшы»

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»

«Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік ұлттық спорт федерациясы»

«Үздік спорттық аймақ» (облыс және республикалық деңгейдегі қалалар, сондай-ақ, елордадағы дене шынықтыру және спорт басқармасы)

«Жыл жаңалығы»

«Жылдың үздік командасы»

Олимпиадалық спорт түрлері маусымының қорытындысы бойынша үміткерлер тізімі жасақталды. Жүлдені салтанатты түрде табыстау кеші елімізге танымал жұлдыздардың қатысуымен өтеді.

Атап айтар болсақ, «Ninety One» тобы, НаZима, «Молданазар» тобы, Say Mo, Қуандық Рахым және өзге де әншілер кеш қонағы болмақ.  Салтанатты рәсім 30 қараша күні 18.00-де елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді.