Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №598
Сейсенбі, 18 маусым 2013 2:11
2013 жылғы 17 маусым Астана, Үкімет үйі
«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1010-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Баж ставкасы (1 тонна үшін доллармен)» деген бағанда:
«164,97», «109,98», «109,98», «109,98», деген сандар тиісінше «168,88», «112,59», «112,59», «112,59» деген сандармен ауыстырылсын».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.АХМЕТОВ.