Телехикаяның тұсау кесері 25 қарашада «Хабар» телеарнасында болады.
Сюжет желісіне өз өмірлерін әскери қызметке, Отанын қорғауға арнауға берік шешім қабылдаған Берік, Қанат,Ерлан және Мадина есімді жас офицер-ұшқыштар арқау болады.
Әр кейіпкердің өз тағдыры бар. Қанат – әскери әулеттен. Әкесі де ұшқыш болған, сондықтан да ол өзіне де, өзгелерге де әке ізін жалғастыруға лайықты екенін дәлелдеуге ынтық. Берік – бақуатты отбасынан шыққан. Оның ата-анасы – бизнесмендер, баласының таңдауын құптамайды. Берікке бұл ауыр болғанымен, күндердің күнінде жақындары оны түсініп, мақтан тұтатын болады деп армандаумен жүреді. Ерлан – жазғы академияны үздік тәмәмдаған, ауылдан шыққан қарапайым жігіт. Барлық жерлестері оның жетістіктеріне тәнті, ал үйінде оны болашақ жары күтуде. Мадина – ер адамдарға тән мамандықты таңдаған, әріптес-жігіттерден еш кем түспейтін заманауи бойжеткен, Ол ұшқыш мамандығының шыңын бағындырғысы келеді. Немере көруді үнемі армандап жүрген әкесі бастапқыда қызының таңдауына қарсылық танытады.
Кейіпкерлерді өзге де жас офицерлермен ұшқыштарды қайта даярлау орталығына жібереді. 3 ай көлемінде қатаң іріктеуден өтетін жиырма адамның ішінен тек бесеуі ғана ұшқыштардың элиталық тобына өту мүмкіндігінеие бола алады. Телехикая бас кейіпкерлердің өмірлік сынақтарын, олардың достық қарым-қатынастары мен махаббат сезімін, сондай-ақ Отанға деген шынайы құрметті көрсетеді.