26 Наурыз, 2010

ЖЕР ҚАДІРІ БАҒАЛАСАҢ АРТАДЫ

1074 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Халқымыз Елбасының жол­дауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасы жолдау­лары ел дамуының бағыт-бағ­дар­ларын, басымдықпен мән бе­рілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды. Болашаққа жол сілтейді. Дегенмен, биылғы Жолдаудың орны да, салмағы да ерекше деп есептейміз. Бұл жолы Елбасы өткен онжылдықтың қорытынды­ларына баға беріп, алдағы онжыл­дықтың ең өзекті мәселесін қозғады. Былайша айтқанда, ел дамуының жаңа кезеңінің бетін ашып берді. Жолдаудан әрбір сала, өндірістік құрылымдар мен кәсіпорындар өзіне қажеттіні таба алады. Біздің ғылыми-өндірістік орталықтың алдындағы міндет  – кәсіпорынның  қызмет құзыреті мен өкілеттігі шеңберінде Жол­дауда белгіленген мақсаттарды жү­зеге асыру ісіне үлес қосу,  ұжым­ды сапалы, ұтымды еңбекке жұмылдыру, жауапкершілікті артыру. Кәсіпорынның  негізгі қызметі еліміздің жер қорларын тиімді пайдаланудың заман мен қолданыстағы экономикалық қатынастарға сай жолдарын қарастыру және енгізу, оны қор­ғаудың тиімді жүйесін қа­лып­тастыру ісіне қатысты. Аталған маңызды мәселе бойынша еліміз­дің жер заңдылықтарында, Үкі­меттің шешімдерінде қарасты-рылған іс-шараларды өз құзіре­тіміз аясында жүзеге асыру Жер ресурстары және жерге орналас­тыру мемлекеттік ғылыми өндірістік орталығына жүктелген. “Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылы­ми-өндірістік орталығы” респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорны  (“МемжерҒӨО” РМК) көп жыл­дан бері қалыптасқан тәжірибесі бар, жерге орналастыру саласын­дағы барлық  талаптарды орын­дауға қабілетті ұжым. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы қалалары) 18 еншілес кәсіпорны және еліміздің барлық аудандық (қалалық)  орталықтарында 194 жер-кадастрлық бөлімшелері қыз­мет етеді. Оларда төрт мыңнан аса адам жұмыс істейді. Демек, “МемжерҒӨО” РМК жүйесінің қызмет аясына мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына сәйкес республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) деңгейлері болып республиканың барлық аумағы кіреді. Онымен қатар “МемжерҒӨО” РМК Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бірыңғай жүйе мен технология бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жер туралы ақпарат ресурс­тарын қалыпқа келтіру, жер мони­торингін жүргізу, ғылыми-техно­логиялық әдістемелерді дайындау жұмыстарымен шұғылданады. Сөйтіп біздің жұмыстарымыздың не­гізгі өзегі ол – нарыққа негіздел­ген жаңа жер кадастрын жүргізу жә­не оны қалыптастыру болып табылады. Республикамыздағы реформаға дейінгі жер кадастрының мақсатта-ры мен міндеттері және мазмұны қазіргі жағдаймен салыстырғанда мүлдем бөлек болатын. Демек, мем­­­­­ле­кеттік жер кадастрының жү­йе­сі қазіргі сәтте нарықтық эко­но­миканың, соның ішінде жер ре­фор­ма­сының өріс алуы мен даму ба­ғыт­тарына сәйкес жаңаша қа­лыптасу үстінде. Еліміздің барлық жер қоры – кадастр нысаны болып табылады. Жер­ді мемлекеттік басқаруға қажетті барлық деректер, мәлімет­тер, ақпараттар түгелдей жер кадас­трында жинақталды. Соның ішінде жердің табиғи  және шаруашылық жағдайы, орналасқан орны, пайда­лану мақсаты, көлемі, басқа жер телімдерімен шектес шекарасы, олардың сапалық мінездемесі, жер пайдалану есебі және  жер телім­дерінің бағалануы, басқа да қажетті мәліметтері көрсетіледі. Біздің негізгі жұмысымыз елі­міздің басты байлығы деп санала­тын жер ресурстарын тиімді пайда­лану мен қорғауға байланысты болғандықтан, жер-анамыздың мемлекеттің экономикалық, саяси-әлеуметтік дамуына тигізетін әсері мен алатын орны туралы тоқтала кеткім келіп отыр. Елбасы алғашқы кезеңдерде жер реформасын жүзеге асыру барысында оның қоғам дамуына қатысты рөлін бағалай келе  “Жер табиғи байлықтармен және жыл­жы­майтын мүлікпен қатар эконо­миканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады” деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздік ал­ған жылдан бері Мемлекет бас-шысының елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкімет­тің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізді жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқын­дап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселе­лерін шешуге бағытталған жер заңнамасы қалыптасты. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады. Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңды­лықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелерін, жерді өндірістік тұрғыдан игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерек­ше­ліктерін ескеру мәселесін  көбі­несе Жер кодексі қозғайды. Бұл жұмыс Жер ресурстарын басқару агенттігі құзырында, мемлекеттік стратегияға сай оның міндеттерін анықтап орындалуын қамтамасыз етеді. Ал бұл міндеттер мен іс-шаралардың орындалуын жер заңнамаларының шеңберінде және белгіленген құзыреті шеңберінде біздің ғылыми-өндірістік орталық қамтамасыз етеді. Өмірдің серпінді дамуында ауыл шаруашылығының үлесі мол, еншісі қомақты. Ал жер ресурстары осы саланың өндіріс құралы. Халқымыздың 46 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Олар жер байлығын пайдаланып ауыл-ша­руа­шылық өндірісінің  дамуына, халқымыздың ұлттық қадір-қасиетінің сақталуына үлес қосып отыр. Елбасымыз ұстанған сара саясаттың арқасында ауылдық жердің ажары кіріп, шаруа адамның тұрмысы түзеле бастағаны да шындық. Елбасы айтқандай, қай салада да әркім елдікті түсініп өмір сүрсе, ертеңіміз бұдан да жарқын болатынына сенім мол. Жолдау­дағы жоба-жоспарлар, ой-түйіндер түсінген адамға осыны аңғартады. Алайда, ауыл шаруашылы­ғын­дағы еңбек өнімділігі төмен жағ­дайда қалып келеді. Соңғы жылдар­дағы ауылшаруашылық  өңімдерінің жетістіктеріне тоқтала келе, Елбасы өз сөзінде 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру біздің басты міндеттері­міздің бірі екенін айтты. Ол мін­детті жүзеге асыру ауыл тұрғында­рының тұрмысы мен өмір сүру жағ­дайын жақсартудың негізгі кілті. Сөз жоқ, ауыл шаруашылығы дамыса ауылдарымыздың да көркейе түсетіні анық. Демек, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жеделдеп дамыту жөніндегі алға қойып отырған міндеті қазіргі заман талабына сай еліміздің көкейкесті мақсат-мұратын қозғайтын дұрыс жол. Міне, осы іске үлес қосуда Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамындағы біздің кәсіпорынға үлкен міндеттер жүктеледі. Бұл бағдарламаны іске асыру­дың негіздері егістік жерлердің өнімдерін жоғарылату, ауыл шаруа­шылығы тауарларының сапасын арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, әлемдік тәжірибені пайдалану. Бү­гінгі таңда егістік жердің өнімді­лігін көтеру үшін топырақтың құнарлылығын арттыру, экология­лық жағдайды жақсарту өте маңызды. Міне, сондықтан, бола­шақ­қа серпін беретін Жолдауда көтерілген аса маңызды мәселе­лердің бірі  ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды әрі нысаналы пайдалану, оны бақылау және қорғау, азық-түлік қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету мәселелерін өткен жылы Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қарап, осы бағытта Үкімет пен Жер ресурста­рын басқару агенттігіне бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Негізгі проблема – ол жер ресурс-тарының әлеуетін тиімді пайдалану және қорғау. Ел басшысы қойған стратегиялық тапсырмаға байла­нысты агенттік қабылдаған шара­лар мен қабылданған іс-жоспарды орындауға өзіне жүктелген өкілет­тікке сәйкес біздің ғылыми-өнді­рістік орталық та жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы мақсатын­дағы жерді ұтымды пайдаланудың негізгі жолдары мен іс-шаралары­ның басты бағыттары мы­налар: – өңірлік бағдарламаны әзірлеу; – жерге орналастырудың бас сызбасын әзірлеу және оның тұжырымдамасын  орындау; – жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын жасау; – ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тартудың сенімді көзіне айналдыру. –бұл проблеманы шешу жолдары – ол сұраныс туды­ратын инвес­тициялық  жобалар нұсқасын жа­сап облыстық, аудандық әкімдерге және ірі  агроөнеркәсіптік кешен­деріне ұсыну; – мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингтерінің мәлі­меттерін толықтыру жұмысы, жер кадастрының және оның ақ­параттық жүйесінің келесі екінші деңгейін қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатындағы аталған іс-шараларды орындау жауапкершілігі жеңіл емес екен­дігін жақсы түсінеміз. Кәсіп­орынға қойылатын міндет, талап өте жоғары екендігін сезіне отырып жұмыс істеудеміз. Елбасы Жолдауында айтыл­ған­дай, алдағы онжылдықта еліміздің  алдындағы асқаралы міндет – экономиканы индус­триялық-инновациялық бағытта жедел дамыту болып табылады. Ол үшін жаңа технологияларды жедел меңгеру, кәсіпорындардың ғылыми-техникалық бағытын жетілдіру қажеттігі пайда болуда. Бұл мәселе, жалпы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында айтылған өндірісті жаңаша технология­ландыру мәселелері біздің ұжым­ның барлық жұмыс саласына қатысты болып отыр.  Сон­дықтан біз осы бағытта көп­теген жұ­мыстарды жүргізуді көздеп отыр­мыз және ондай жұмыстар жүріп те жатыр. Мәселен, қа­зіргі күні біздің ұж­ымда мем­лекеттік жер ка­дас­трының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасау және жетілдіру жұмыстары белсенді сипат алуда. Бұл жұмыстар инновациялық технологиялар қолдану арқылы іске асыры­луда. Атап айтқанда, жер телімдерін ғарыштағы спутниктер арқылы межелеу, спутниктер­ден жердің сапа­сы туралы алы­натын мәлімет-ақпараттарды пайдалану, геог­рафиялық ақпарат жүйесінің (ГАЖ) тех­нологиясын пайда­лануды кеңей­ту, интернетті сызу техноло­гия­сын пайдалану секілді көптеген технологиялық іс-шаралар орындалуда. Міне, осы жұмыстарды орындау арқылы біз ғылыми-өндірістік орталыққа қарасты кәсіпорындарда иннова­циялық технологияны игеріп, қолданылып келген құрал-жаб­дықтарды жаңартып, жұмыстың жалпы тәсілдерін техноло­гияландырып қана қоймай, сонымен қатар ұжымның бәсе­келестік қабілетін де ана­ғұрлым арттыра түсетін боламыз. Өндірісті осылай жолға қойғанда ғана дамыған мемлекеттер қата­рына жақындаудың жолы ашы­латын­дығы анық. Жоғарыда айтылған  деңгейге жету үшін кадр мәселесіне де мән бермекпіз. Біздің мақсат – өз саламызда сұраныс тудыратын инновациялық технологияларды меңгере алатын жаңалыққа бейім, озық  ойлы, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды іріктеу және әзірлеп жұмысқа қосу. Осы бағытта да жұмыстар жүргізілуде. Елбасы айтқандай, біздің ең басты құндылығымыз – Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. Тәуелсіз­дігімізді баянды ету үшін әрбір маман, әрбір азамат заман ағымына сай, өз елінің патриоты, бәсеке­лестікке қабілетті болуы қажет. Осы сөздердің мағынасына жете түсінген әрбір қазақстандық  қоғам­дағы өз орнын, жауапкер­шілігін сезіне отырып, халық пен мемлекет мүддесі  үшін аянбай еңбек етуі тиіс деп білемін. Бағжан САБАНШИЕВ, “Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы”  РМК директоры.