Ең қысқа әңгіме • 18 Қараша, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нұрназар Түрікбен

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ең қысқа әңгіме. Нұрназар Түрікбен

Махаббат әлегі

Білмеймін жанарыңнан сыр ұқтым  ба,жоқ әлде сол сәтте сені ұмыттым  ба!? Балалық  па, ғашықтық  па, бір  Құдайға аян. Не болса да қиын екен, әйтеуір әлек қылатыны-ай, шіркін! Менің хикаямның кейіпкері есімнен кетер емес. Қуанышым да, қайғым да сол болды. Оны құс дейін бе,арман дейін бе, білмеймін, бәрібір де қолым жетпейді  ғой, ұшып  кетеді.

 

Нұрназар ТҮРІКБЕН,

Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «С» сынып оқушысы