Үкімет • 19 Қараша, 2019

Жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және мүдделі ұйымдардың өкілдерімен елордада жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді.

Жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Министр атап өткендей, 8 қазанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-эко­номикалық даму мәселелері жөнін­де­гі кеңесте жыл соңына дейін жолдар­да­ғы жарақаттану мен кісі өлімін азай­ту үшін елордада жол қозғалысын ұйым­дастыру деңгейін арттыру бойын­ша жүйелі шаралар қабылдауды тапсыр­ды.

Осы жылдың 10 айында елордада 469 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 29 адам қаза тауып, 590 адам жарақат алды. Бұл үлкен алаңдаушылық тудырады. Осыған байланысты ІІМ-де өткен кеңес барысында жол қозға­лысын ұйымдастыру және оның қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша шетелдердің ірі мегаполистерінің оң тәжірибесі қаралды, сондай-ақ елор­дада жолдардың өткізу қабілетін арттыру бойынша бірқатар шара ұсы­нылды.

«Астана жедел қарқынмен дамып, автомобиль саны өсіп келеді, сон­дық­тан да жол қозғалысын ұйым­дас­­тыру әдістерін өзгерту, көлік және жаяу жүргіншілер ағындарын тиімді басқару қажет. Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін кешенді түрде, оның ішінде жоғары технологияларды қолдана отырып, Жол қозғалысын ұйымдастырудың бірыңғай орталығын құру қажеттілігі туындап отыр», деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар такси-автомобильдерге арналған тұ­рақ желісін дамыту, соның ішін­де автобус аялдамалары, сауда-ойын-сауық орталықтары, спорт ғима­рат­та­ры, көрнекті орындар және басқа да азаматтар көп жиналатын орындар мәселесін талқылады.

Сонымен бірге кеңесте жол бел­гі­ле­рі мәселелері қаралды.

Ерлан Тұрғымбаев: «Жол таң­ба­сын пайдалану мерзімін арттыру бойынша талаптарды арттыру қажет. Белгі тәуліктің жарық кезінде және қараңғы уақытында жақсы көрінуі тиіс. Бұл бірінші кезекте жүргізушілер мен жолаушылардың, сондай-ақ жаяу жүр­гіншілердің қауіпсіздігі мәселесі», деді.

Жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз жағ­­дай жасау қажеттілігі, соның ішін­де ірі жаяу жүргіншілер өткел­де­ріне бағдаршам орнату, жерасты өткел­де­рінің құрылысы туралы ерекше атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша елор­дада жол жағдайын жақсарту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету­дің үздік әлемдік тәжірибесін енгі­зуде қанатқақты жобаны жүр­гі­зу бо­йынша кешенді ұсыныс әзірлеу ту­ралы шешім қабылданды.