Ерлан Оразаев 1979 жылы туған. Футболшы ретінде СОПФК «Қайрат», «Жетісу», Маңғыстау» (Ақтау), «Цесна» және «Алма-Ата» клубтарында өнер көрсетті. Қазақстан чемпионаттарында (суперлига және бірінші лига) 135 ойын өткізіп, 39 гол соққан. Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы сапында 12 рет жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 6 доп енгізген.
Қазақстан жастар құрамасының мүшесі ретінде 1999 жылы әлем чемпионатында ойнап, команда еншісіндегі жалғыз голдың авторы атанды. 2000 жылы бір рет Ұлттық құрама команданың сапында ойнады.
Футболшы мансабында Қазақстан кубогының иегері (2000ж.), Жапонияның Осака қаласында өткен Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері (2001ж.) атақтарына қол жеткізген.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін Ерлан Оразаев «ҚазТрансГаз» және «Қазақмыс» корпорацияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Ал «Шахтер» клубын 2018 жылдың қаңтарынан бері басқарып келген Әлібек Оразғалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.