Спорт • 20 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанда қоян-қолтық ұрыстан ел  чемпионаты өтті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Курсанттар арасында қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты осымен 4-ші рет ұйымдастырылып, Ұлттық ұланның офицері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналды.

Солтүстік Қазақстанда қоян-қолтық ұрыстан ел  чемпионаты өтті

Жерлесіміз Азамат Нұрпейісов – қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, кикбокстан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. 2010 жылы Петропавл әскери институтын бітіргеннен кейін “Бүркіт” арнайы жасағында қызмет етті. Нағыз азаматтық шағында жазылмас  дертке шалдығып, 28 жасында көз жұмды.

Дүбірлі додаға еліміздің әр қиырынан 80-ге жуық сарбаз қатысып, 8 салмақ бойынша белдесті. Жалпыкомандалық есепте Петропавл әскери институтының жауынгерлері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қарағанды академиясының курсанттары, үшінші орынды Павлодар оқу орталығының спортшылары иеленді. Жеңістің биік тұғырына көтерілгендер Нұр-Сұлтан қаласында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды.

Келесі жылы курсанттар арасындағы жекпе-жек халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан спортшылары да күш сынасатын болады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы