Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта елімізде бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау» жалпыреспубликалық жобасын қарқынды жүргізіп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті өткізетін осы жобада чекті бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға бір мың теңге мөлшерінде сыйақы төленеді.
Тауарға немесе көрсетілген қызметке төлеген сомаға БКМ түбіртегін немесе тауар түбіртегін бермеген жағдайда, не БКМ түбіртегі мен тауар түбіртегін берген сомадан артық немесе кем болған кезде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын білу маңызды.
Келіп түскен 300-ге жуық өтініштер расталып, ПӘ туралы хаттамалар жасалды. 238 хабарлама қарастырылуда.
Сыйақы тек қана видеоға сатушының БКМ чегін беруден бас тартуы жайында анық түсірілгені, мекен-жайы және дүкеннің атауы, сауда үйі мен базардың (сауда үйіндегі бутиктің нөмірі, базардағы орынның нөмірі) аты, және фискалдық чек бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер бар кезде беріледі.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның барлық азаматтарын өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, БКМ чегін бермей өзінің табыстарын жасырушы салық төлеушілерге нөлдік төзімділік танытуға және қанатқақты жобада белсенді қатысуға шақырады. Барлық жіберілген өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен өңделетін болады.
Видеоматериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.
Шағым жолдаған жағдайда жіберуші тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), ЖСН және байланыс телефонын көрсетуі керек. Бұл деректер бұзушылық фактісі расталған және фискалдық чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажетті.
Фискалды чектерді consumer.oofd.kz сайтында тексеруге болады.
Осы ретте, техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалдық чек мәліметтері 72 сағат ішінде жолдануы мүмкін. Сондықтан, берілген чекті фискалдық деректер операторы базасында таба алмаған жағдайда 3 күнге дейін күту қажет және содан кейін қайта тексеру қажет. 72 сағат өткеннен кейін ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.