Қоғам • 25 Қараша, 2019

Алматыда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында тәуліктен астам уақыт бойы үзілістермен қар жауып жатыр. Жалпы қалаға қалыңдығы 8-13 см қар түсті, ал тау етегіндегі аудандарда оның қалыңдығы 18 сантиметрге дейін жетті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

- Көктайғақтың алдын алу мақсатында түн мезгілінде көктайғаққа қарсы материалдар себілді, қар жауған кезде төгілгені 4609 тонна. 417 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 172 құмлақтырғыш бар. 627 жұмысшы қар тазалады. Таңнан бері 508 техника бірлігі жұмылдырылып, 1788 жол жұмысшысы қар тазалауда. Қаланың жоғары орналасқан аудандарында арнайы техникалар колонналары жолдың қозғалыс бөлігіндегі қарды сыртқа шығаруда, - делінген хабарламада.

Таңғы тығыз уақытқа дейін тротуарлар, ортақ пайдаланатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан тазартылды.