02 Шілде, 2013

Әкім ашық әңгімелесу алаңына шықты

379 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

 Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев тікелей эфир арқылы облыс тұрғындарымен және журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Облыста тұңғыш рет ашық әңгімелесу, сұрақтарға тікелей жауап қайтару түрінде өткізілген жиынға аудан, қала әкімдері, салалық басқармалар басшылары, ұлттық мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, партиялар жетекшілері және журналистер қатысты.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев тікелей эфир арқылы облыс тұрғындарымен және журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Облыста тұңғыш рет ашық әңгімелесу, сұрақтарға тікелей жауап қайтару түрінде өткізілген жиынға аудан, қала әкімдері, салалық басқармалар басшылары, ұлттық мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, партиялар жетекшілері және журналистер қатысты.

Сауалдарын залға жиылғандар әкімге тікелей қою мүмкіндігіне ие болса, облыс тұрғындары телефон, электронды пошта арқылы жолдады. Баспасөз мәслихатына облыстық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге, республикалық «Айқын», «Жас қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің бас редакторлары қатысты. Әкімнің ашық әңгіме алаңы жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында және «lada.kz» сайтында облыс жұрт­шылығына тікелей көрсетілді. Баспасөз мәслихатының өтетіндігі туралы тұрғындар жергілікті БАҚ-тар арқылы алдын ала құлақ­тандырылды. Сондай-ақ, арнайы штаб жұмыс істеп, облыстың түкпір-түкпірінен түскен сауалдарды мәслихатты жүргізушілер арқылы жеткізіп отырды.

Тікелей эфир арқылы жүргізіл­ген баспасөз мәслихаты тұрғындар үшін өздерін мазалаған мәселе мен шешімін таппай дағдарған жайтты басшылыққа жеткізудің ұтымды, төте жолы болды. Сондықтан келіп түскен сауалдар тақырыбы саналуа­н, маңызы жағынан қорғасындай салмаққа иелері де бар. Айтар ойы өзекті, жұтынған жұп-жұмырлары да, әкімнің жеке өміріне, қызметіне, Маңғыстау облысының 40, Ақтау қаласының 50 жылдығына қатысты «жаймашуақ» сұрақтар да жеткілікті.

Маңғыстау облысының әлеу­меттік-экономикалық дамуына, жол, ауыз су, жарық, газ секілді инфрақұрылым мәселесіне, әртүрлі себептермен белгіленген мерзімінде тапсырылмаған құры­лыс нысандарына, облыс­тың экологиялық ахуалына, балабақшамен қамтылуға, спорт саласының дамуына, өңірдегі қоғамдық тәртіптің сақталуына қатысты, өзге де сұрақтарға Алик Серікұлы сол салалардың басшыларын қатыстыра отырып, нақты жауап қайтарды. Сондай-ақ, тұрғындарды Ақтау қаласында ұзақ жылдардан бері ең өткір қалпын сақтап келе жатқан лифт  мәселесі, көгалдандыру жайы мен қалаішілік жолдар сапасы  алаңдататыны аңғарылды. Сұрақ­тар облыста қылмыс санының артуын, кейбір мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық этикасын сақтамауын және дәрігер­лердің емделушілермен қарым-қатынасын сынға ілді. Туризмді дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар туралы сұрай тұрып, оның ең қарапайым белгісі теңіз жағалауының демалушыларға қызмет көрсету көкжиегін кеңейту әңгімесі де назардан тыс қалған жоқ. Жергілікті кадрларды жұ­мысқа алудағы келеңсіздіктер, жетім балаларды қамқорлау, теңіз жағасында отырып балықтан ауыз тимеудің себебі және оны шешу, Маңғыстауда мамандардың, соның ішінде журналистердің жеткіліксіздігі, тоғыз жолдың торабы атанған өңірде қолға алынған жобалардың, әсіресе, көлік-логис­тикаға қатысты жобалардың жүзе­ге асу барысы мен одан күті­летін нәтиже, бір жылдары ел құлағын шулатқан «Ақтау-сити» қала құрылысының болашағы, мұнай саласының  мұңнан сейілуі, тұрғын үй құрылысы, облыс ауыл­шаруашылығының тұралауы, «Бейнеу-Шетпе», «Шетпе-Ақтау», «Ақтау-Жаңаөзен» автокөлік жо­лы­ның құрылысы, т.б. өзекті де өткір сұрақтар қарша борады. Штаб қызметкерлерінің хабарлауынша, сұрақтарды қабылдау таңертеңгі сағат 9-да басталып, 3 сағатқа созылған. Осы уақыт ішінде әкімге 324 сұрақ келіп түссе, оның 94-і электронды поштаға, «Лада» газетінің сайтына – 80, телефон байланысы арқылы қабылдауға 150 сұрақ тиесілі. Сұрақтарды ең көп жолдап, баспасөз мәслихатына белсенділікпен қатысқан Ақтау қаласының тұрғындары болды. Олар 223 сұрақ жолдаса, Мұ­найлы ауданынан – 32, Жаңаөзен қаласынан – 22, Түпқараған ауданынан – 21, Қарақия мен Маңғыстау аудандарының әрқайсысынан 10 сұрақтан және Бейнеу ауданынан 6 сұрақ түскен. Ал сұрақтардың түсу жиілігіне келсек, шамамен 70 секундқа бір сұрақтан келіпті.  Екі сағатқа созылған мәслихатта облыс әкімі А.Айдарбаев уақытқа ба