Әдебиет • 25 Қараша, 2019

Мұрат Шаймаранның жыр кеші өтеді

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 29 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Жазушылар одағында ақын, Ж. Нәжімеденов атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұрат Шаймаранның 50 жасқа толған мерейтойына орай «Талпынған шалғайға шайырдың жаны – құс» атты әдеби-сазды кеш өтеді.

Мұрат Шаймаранның жыр кеші өтеді

Қазақ өлеңінде өзіндік өрнегін қалыптастырып, қалың оқырман ерткен  Мұрат Шаймаранұлының бұл кеште «Жасыл түн» атты жыр жинағының тұсауы кесіледі. Шығармашылық кешке алыс-жақын шет елден және Қазақстанның түкпір-түкпірінен қазаққа танымал Халық жазушылары, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысады.

Ақынның өмірі, шығармашылығы туралы Қазақстанның Халық жазушысы Қ. Жұмаділов, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Ұ.Есдәулет, Т.Әбдікәкімовтар арнайы сөз сөйлейді.

Кештің форматы дәстүрлі қалыптан өзгешерек. Бұл күні ақын өлеңінен театрландырылған композициялар қойылып, М. Шаймаран өлеңдерін танымал ақындар жатқа оқиды. Әрі елімізге белгілі әншілер ақын сөзіне жазылған әннен шашу шашады.