Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы болып, онда бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Және де күн тәртібіндегі екінші мәселе – екі айға созылатын парламенттік каникул оң шешімін тапты.
Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы болып, онда бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Және де күн тәртібіндегі екінші мәселе – екі айға созылатын парламенттік каникул оң шешімін тапты.
Отырысқа Премьер-Министр, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың және Орталық сайлау комиссиясының төрағалары, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктер басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бірлескен отырыста сөз алған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент жұмысының басым бағыттарын айта келіп, алдағы міндеттерге де кеңінен тоқталды. Төраға, әсіресе, Парламенттің екінші сессиясына жүктелген жауапкершілікке баса назар аударды. Бұл, ең алдымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында айтылған, Қазақстан дамуының алдағы онжылдықтарға арналған нақты мақсаттары мен айқын жолдары көрсетілген, еліміз дамуының жаңа белесімен байланысты, деді Нұрлан Зайроллаұлы сөзін сабақтай келіп. Жолдауда айтылған міндеттер және Елбасының Парламент сессиясының ашылуында жүктеген әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстары негізінен ойдағыдай жүзеге асып отыр.
Сондай-ақ, спикер фракциялардың өзара қатынасының, Үкіметпен бірлескен жұмыстың жаңа, бұрынғыдан жоғары деңгейге көтерілгенін де назардан тыс қалдырмады. Егер Мәжілістің бірінші сессиясы сайлаудан кейінгі, көппартиялы депутаттық корпустың жаңа құрамы бекітілген алғашқы «бейімделу, жаттығу» кезеңі деп есептелсе, ал қазіргі сессияны халық қалаулыларының заң шығару жұмысындағы кәсіби деңгейлігі мен еңбек қарқыны байқалған жаңа белесі деп бағалауға болады. Жалпы алғанда, ағымдағы сессияда Парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, Мәжілістің – 38, ал Сенаттың 27 жалпы отырыстары өтіп, 96 заң қабылданып, Президенттің қол қоюына жіберілген.
Осы ретте «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға ерекше назар аударылғанын айта кету керек. Төраға аталған құжатқа сәйкес, алдағы үш жылдық бюджетте барлық әлеуметтік жоспарларды орындауға, халықты еңбекпен және азаматтарды тұрғын үймен қамтуға ерекше көңіл бөлінгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту, аймақтарды дамыту, қауіпсіздікті нығайту, төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу, құқықтық тәртіп мәселелері де бюджетте қаралған басым бағыттардың бірі екендігіне ерекше тоқталды.
Парламентте Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің орындалуына байланысты есебі тыңдалып, депутаттардың мемлекеттік органдардың стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар жасағаны да назардан тыс қалған жоқ. Осы орайда Мәжіліс Төрағасы Үкімет депутаттық корпус тарапынан айтылғандардың барлығын толықтай есепке алады деген сенімін алға тарта отырып, ол республикалық бюджетті орындау мен жоспарлау тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал етеді дегенге ерекше екпін берді.
Президенттің Парламент алдына қойған маңызды тапсырмаларының бірі – экономикалық дамудың құқықтық базасын жақсарту екендігін сөзіне арқау еткен Н.Нығматулин депутаттар қабылдаған және қарауда жатқан тиісті заңдар жайын да қаперге алды. Олардың қатарында «Микроқаржылық ұйымдар туралы» заң да бар. Аталған заң микроқаржылық ұйымдар қызметін тұтынушылардың мүдделері мен құқын қорғауға, халықты қолжетімді шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған. Ал «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Кеден одағының кедендік заңнамалар қағидаларына сәйкестендіру үшін салықтық әкімшіліктендіру тетіктерін қайта қарау мақсатын көздейді. Әсі