26 Наурыз, 2010

АСУЛАРДАН АСАМЫЗ

689 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасының бүкіл ұлтқа ар­на­ған жаңа стратегиялық Жол­дау­ында бұрын-соңды қолға алмаған міндеттер атап көрсетілген және өмір салты туралы жаңа тұжырым­дар айқындалған. Оның бәрі де ұлт болашағы мен жас ұрпақ үшін атқарылмақ. Елбасы болашақта орындала­тын стратегиялық жоспарында: “Бұл бағдарламаның түпкі мақ­са­ты еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып, қалып­та­сып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жайып дамуына мүмкіндік ту­ғы­зу”, деп қадап айтқан. Сонымен бір­ге, алдағы уақытта өмір сүру сапасы да жақсарып, көркейе түсетін болады. Ауыл шаруашылығындағы ең­бек өнімділігін еселеп арттыру көзделіп отыр. Ол үшін ауыл жастарын оқытып, оларға жан-жақты кәсіптік білім беруге тура келеді. Саламатты өмір салты сал­танат құрмақ. Ұлы міндеттер бүкіл халықтың еңбегінің арқасында жүзеге асатын болады. Қырман дәнге, қора малға толу үшін бүкіл халық болып жұмыс істеуіміз керек. Төлен ҚАУПЫНБАЙҰЛЫ, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты,  М. Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Алматы облысының құрметті азаматы.