26 Наурыз, 2010

СЕНІМ МЕН СЕРПІН

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әр жыл сайын Елбасының Жол­дауын асыға күтіп отырамыз. Өйткені, халық одан үлкен серпіліс күтеді. Өткен жылғы Жолдау еліміздің бүкіләлемдік дағдарыс­тан қиындықсыз шығуы­на көп септігін тигізді. Биылғы Жолдауда елдің әл-ауқатын жақсарту, мемлекетіміздің экономика­лық әлеуетін көтеру мәселесі бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған ауылдағы ағайын дән риза. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде қан майданның ортасында етігімен су кешіп, ел қорғауға қа­тысқан майдангер­лерге жасалғалы отырған мерекелік сый-сияпатты ардагерлер қауымы үлкен бір ризашылық сезіммен қабылдады. Сонымен бірге, “Жол картасы” бағдарламасы алдағы уақытта жал­ғасын тауып, көптеген шаруалар жасалатынды­ғына елдің алғысы көп. Бұл бағдарлама аясында өт­кен жыл ішінде қыруар шаруа атқарылды. Сондай-ақ, “Балапан” бағдарламасы бойынша бүлдіршін­дер­дің балабақша жайымен қам­тамасыз етілуі, балабақшалардың көбеюі мәселесін кең көлемде жүргізу жөнінде берілген тапсыр­маға да келешек ұрпақ өздерінің ризашылығын білдірді. Қорыта келгенде, мемлекеті­міздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау­дағы қызметіне сәттілік тілей оты­рып, биылғы Жолдаудың теріскей­ліктер үшін үлкен сеніммен серпінге ие болғандығын аудандық редакция ұжымы атынан жет­кізгіміз келеді. С.ТЕҢІЗБАЕВ, “Теріскей” газетінің бас редакторы. Оңтүстік Қазақстан облысы.