Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Елордада мүмкіндігі шектеулі 640 адам жұмысқа орналастырылды

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың басынан елордалық халықты жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі 687 адамды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтып, 640 адамды жұмысқа орналастырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Елордада мүмкіндігі шектеулі 640 адам жұмысқа орналастырылды

Орталық жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 687 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 640 адам жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде тұрақты жұмысқа - 341 адам, уақытша жұмысқа - 3 адам, жастар тәжірибесіне - 17 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 33 адам, қоғамдық жұмысқа - 246 адам жіберілді.

Сонымен қатар қысқа мерзімді оқытуға 47 адам жіберілді (тігінші, аспазшы, тігінші, визажист, шаштараз, әкімші, сауда менеджері, наубайшы және маникюр шебері мамандықтары бойынша).

«Жас кәсіпкер» және «Бастау Бизнес»  жобалары аясында қысқа мерзімді оқыту және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту аяқталғаннан кейін 29 мүмкіндігі шектеулі адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант беруге арналған бизнес-жобалар мақұлданды.

Жұмыспен қамту орталығы тарапынан жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Есепті кезең бойынша «Жастар» сарайында 6 қалалық бос жұмыс орындары  жәрмеңкесі және халықты жұмыспен қамту орталығы  базасында жұмыссыз азаматтарға арналған 15 шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Шара аясында мүмкіндігі шектеулі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру, қаланың білім беру жүйесінен кадрлар таңдау және т.б. жұмыстар атқарылды. Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі нысаны жұмыс орындарын квоталау болып табылады.

Қазіргі таңда әкімдіктің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 158-2247 «Астана қаласында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес елорда ұйымдарында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарды есепке алмай, қызметкерлердің тізімдік санының 2-ден 4 пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарының квоталары белгіленді. Сол ретте меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар квоталауға жатады.

Сондай-ақ жұмыс берушілер мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын құру үшін субсидия алуға болады.