Қоғам • 28 Қараша, 2019

ҰҚШҰ ЖҚК сессиясында толық түсіністікке қол жеткізілді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шағын құрамдағы отырыста мүше мемлекеттер сындарлы әрі сенімді сипатта бірқатар мәселелерді қарастырып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысты ашық талқылау өткізді. Ұйымға төрағалық жасаған мемлекеттің басшысы Сооронбай Жээнбеков бұл туралы пленарлық атап өтіп, ҰҚҰШ сессиясының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толық түсіністікке қол жеткізілді.

ҰҚШҰ ЖҚК сессиясында толық түсіністікке қол жеткізілді

–Бүгінгі шағын құрамдағы отырыстың қорытындысына тоқталсам, Біз сындарлы және сенімгерлік тұрғыда күн тәртібіндегі тақырыптардың кең спекторын талқыладық. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты өзекті проблемалар бойынша ашық талқылау жүргіздік.  Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді. Сонымен қатар сессияаралық кезеңдегі ұйым қызметінің негізгі қорытындыларын да талқыладық. Қауіпсіздіктің заманауи сын-тегеуріндері мен қатерлеріне қарсы әрекет ету бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар жылы атқарылатын жұмыстың өзекті бағыттары айқындалды. Ұйымға төрағалық жасаған Қырғыз Республикасының басшысы ретінде мен ҰҚШҰ-ның халықаралық беделін көтеру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілгенін атап өткім келеді, деді Сооронбай Жээнбеков.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков және Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысуда.