Аймақтар • 29 Қараша, 2019

Тұңғыш Президенті күніне орай фотокөрме ашылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала метросының «Байқоңыр» бекеті әп-сәтте жастардың думанды дауысымен жаңғырып, домбыра үніне ұласты. Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Метрополитен» КМК басшылығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрмені ашты. Көрмеде Елбасының 2019 жылы жастармен бірге түскен суреттері де қойылды.

Тұңғыш Президенті күніне орай фотокөрме ашылды

«Биыл – Жастар жылы.  Бұл мемлекеттің жас ұрпаққа үлкен назар аударып, жастар болашағына бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап жатқанын дәлелдейді. Фотокөрмені ұйымдастырудағы мақсат – отансүйгіш рухты көтеріп, өз елінің болашағына еңбек етуге үндеу» дейді ұйымдастырушылар.

Фотокөрменің ашылу рәсімі кезінде Елбасының сүйікті әндері, халық әндері шырқалып, жастар добыра, гитара және баянның сүйемелдеуінде жанды дауыспен көркем шығармаларды шарықтатты.

Метроның «Байқоңыр» бекетінде өтіп жатқан фотокөрмені қала тұрғындары мен қонақтары 28 қараша мен 5 желтоқсан күндері тамашалай алады.