Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Филармония оркестрі халықаралық фестивальға қатысуда

18 реткөрсетілді

Облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның көркемдік жетекшісі Сәуле Мұқаеваның  айтуынша, Малайзияда өтіп жатқан  фестивальға Филиппин, Өзбекстан, Тайланд, Корея, Мексика және Индонезия елдерінің өнерпаздары қатысуда.

Сонымен бірге, Солтүстік  Қазақстан обылсының облысының би ұжымы, Семей филармониясы да бар. 

Мелака фестиваліне облыстық филармонияның директоры, дәстүрлі әнші Амангелді Қожанов, Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Талғат Кәрімов, қыл қобызтартатын, саз сырнайшы Әсел Ахметова, қобызшы Гүлназ Базарханова, баян тартушы Мәди Ботагөзов, шертерде ойнайтын Аманжол Жұмалин, домбырашы Ризолла Садықовтар аттанды. 

Шығармашылық топ малайзиялықтарға және фестиваль қатысушыларына  «Бақтыбайдың әуені», «Ақжелең Қазанғап», «Адай», «Жез киік», «Ғасырлар тоғысында», «Шашу», «Ата толғау», «Балбырауын» сияқты  ән-күйлерін  орындап берді. 

Сәуле Мұқаеваның айутынша, қазір облыстық филармония  ұжымына Қытай елінен шақырту келіпті. 

Жоспар бойынша ол жаққа «Ретро» вокалдық ансамблі, «Samiyan» тобы, «Нұр» халықтық би ансамблі, сондай-ақ жеке әншілер барады деп жоспарлануда.

Шетел сахнасында өнер көрсетулеріне Ресейге, Малайзияға және алдағы Қытай еліне жасайтын сапарларына демеушілер қолдау көрсетуде.

 

 Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Күлкі керуені № 20

Руханият • 06 Желтоқсан, 2019

Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019

Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті

Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019

Қоныс аударушыларды қолдау қандай?

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019

Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар