Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2019

Жетісуда мектепке дейінгі білім беру мәселесі шешімін тапты

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында мектепке дейінгі білім беру көрсеткіші жоғары деңгейде. Бүгінде аймақтың 7 ауданы мен 2 қаласында балабақшамен қамту деңгейі 100 процентке жеткен.

Жетісуда мектепке дейінгі білім беру мәселесі шешімін тапты

Дерек бойынша Алакөл, Ақсу, Балқаш, Көксу, Кеген, Сарқан, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай және Текелі қалаларында балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы толықтай шешілген. Алайда, балабақшаға сұраныс Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Іле аудандары мен Талдықорған қалаcында әлі де азаймай отыр.

Бұл мәселені шешу үшін биыл 529 орынға арналған 75 мектепке дейінгі білім беру ұйымын ашу жоспарланған. Сүйінерлігі, балабақша салу мен ашу ісіне жеке кәсіпкерлер тарапынан сұраныс жоғары. Жыл соңына дейін мемлекет пен жекеменшік әріптестігі негізінде 5250 орынға лайықталған алпыс бес мекеме пайдалануға беріледі.

Жалпы, биыл Алматы облысында 1169 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларда84137 бала тәрбие мен білім алып жатыр.