Спорт • 02 Желтоқсан, 2019

Ардагерлер турнирінде «Жетісу» командасы жеңіске жетті

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Алыс-жақын елдің ардагерлер волейболшылары Талдықорған қаласына жиналып, жанкүйрелерге қызықты ойын сыйлады.

Ардагерлер турнирінде «Жетісу» командасы жеңіске жетті

Дәстүрлі жарыс Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың мұрындық болуымен биыл да жалғасты. Волейболдан ардагерлер арасында өткен ІІІ халықаралық жарыста қазақстандықтар мен ресейлік командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Бірнеше күнге созылған  турнирде жергілікті «Жетісу» командасы жеңіске жетті. Үздік команда жарысқа тігілген 1 млн теңгені олжалады. Ал екінші орынға Тыва республикасына келген доп шеберлері көтеріліп, 700 мың теңге сыйақы алды. Үшінші орын мен 500 мың теңгелік жүлде Ресейдің Орынбор қаласынан командаға бұйырды.