23 Шілде, 2013

Әріптестік ауқымы кеңеюде

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 67 меморандумға қол қойылды. Мұндағы ерікті түрдегі өзара тиімді ынтымақты мәміле бизнес өкілдерінің аймақтағы маңызды мәселелерді шешуге мүдделігін көздейді.

Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер әлеуметтік саланы дамытуға 45 миллион теңге бө­ліп отыр. Бұл қаржының 12,8 мил­­­лион теңгесі білім беру меке­ме­лерінің, 4,9 миллион теңгесі – денсаулық сақтау, 1,7 миллион теңгесі мәдениет пен спорт, 651 мың теңгесі әлеуметтік қорғау жүйесінің игілігіне жаратылады. Ортақ мәміледегі негізгі жобалар бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету, шағын орталықтардың жұмысын үйлестіру, елді мекендерді абат­тандыру мен санитарлық та­залығын қадағалау шаралары­на, әлеуметтік мекемелерге жөндеу жүргізу және мұндағы қыз­мет­керлерге қаржылай қолдау көр­се­туге бағытталған.

Маңызды инфрақұрылым­дар­­­ды дамыту ісінде «Ново-При­реч­ное», «Заречное», «Агро-Ол­­ди­ви», «Есіл-МАН», «Құмай-Есіл», «Қал­­­қа­ман-Ел», «Қаракөл АФ» жа­уапкер­шілігі шектеулі се­рік­тес­тіктері мен «Тіней», «Қым­бат», шаруа қожалықтары елеу­лі үлес қосуда. Мәселен, «Ново-При­­речное» ЖШС өт­кен бес айда 33,3 миллион тең­ге­нің 12 ме­­морандумына қол қо­йып, өз мін­­деттемелерін жа­уап­кер­ші­лік­пен атқара білді. Ауылда күр­делі жөн­­деуден өткізілген медици­на­­лық пункт, «Солныш­ко» балалар бақшасы, қоғамдық мон­ша жұрт­­­­­­­шылықтың көз қуаны­ш­ына айналды.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.