Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

Қызылордада автобус аударылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы аударылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада автобус аударылды

«3 желтоқсанда сағат таңғы 04:30 шамасында «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған. 

«Құмкөл-Қызылорда» бағытында кетіп бара жатқан автобуста 35 жолаушы болған. Апаттан 22 адам зардап шегіп, 7 адам қайтыс болды.  

Қазір Қызылорда облыстық ТЖД базасында штаб ұйымдастырылып, (7242) 24-41-61, 70-03-28 телефондары бойынша жедел желі ашылды. Оқиға орнында ТЖД, полиция және дәрігерлерден жасақталған 31 адам мен 10 техника жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.