Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Ганьсу провинциясында болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
«Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген жанның қайтыс болғаны және зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдадым», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Қытай халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.