Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019

Зорлық-зомбылықтың алдын алуды талқылады

638 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенция шеңберіндегі Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес, мүгедектігі бар әйелдердің мұқтаждығын ескере отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Зорлық-зомбылықтың алдын алуды талқылады

Іс-шара Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жө­нін­дегі ұлттық комиссияның, БҰҰ қо­ры­ның Қазақстандағы ЮНФПА-ның халқы саласындағы техникалық қол­дауы­мен және «Қақтығыстарды болдырмау қоры, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәр­дем­­­десу» бағдарламасы бойынша Ұлыбри­тания ел­ші­лігінің қаржылық қолдауымен өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Ұлттық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, жетекші діни конфессиялар, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері, Ұлыбритания елшілігінің өкілдері қатысты.  

Жиынды ашқан Ұлттық комиссия төрайымы­ның орынбасары Е.Тарасен­ко Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбді­қалықованың жетекшілігімен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңның жаңа редакциясы бойынша жұ­мыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл заң жобасы зорлық-зомбылықтың барлық нысан­­дарын – физикалық, психологиялық, жыныс­тық, экономикалық түрлерін қамтиды және алдын алу мен ведомствоаралық ден қоюдың кешенді шараларын қамтамасыз етеді.

Шара аясында гендерлік зорлық-зом­былыққа ведомствоаралық ден қою тетік­теріне ерекше мұқтаждықтарын бірік­тіру үшін әртүрлі мүгедектік түрлерімен адам­дардың қажеттіліктерін бағалау жөнін­дегі зерттеу нәтижелері талқыланды.

«Бұл мәселені зерттеу БҰҰ қорының халық­тың қоныстануы саласындағы техника­лық қолдауымен жүзеге асырылды. Талдау шеңберінде Қазақстанның гендер­лік теңдік және мүмкіндіктері шек­теулі адамдардың құқықтарын қамта­масыз ету саласындағы заңнамасы мен мемле­кеттік саясатына шолу жүргізілді және осы санаттағы Түркістан облысы мен Шым­кент қаласындағы фокус-топтар­дың өкілдерімен сұхбат жүргізілді», деді Прези­дент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова.

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысында тұрақты даму мақсаттарының жаһандық күн тәртібіндегі «Ешкімді артта қалдыр­мау» қағидаттарына сәйкес мүмкіндік­тері шектеулі адамдардың ерекше мұқтаждық­тарын есепке алу бойынша озық тәжірибені пайдалана отырып, гендерлік зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық ден қоюдың ұлттық жүйесін одан әрі дамыту мәселелері қаралды.