Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2019

Аралдан Ақтөбеге дейінгі жол жабылды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары хабарлады.

Аралдан Ақтөбеге дейінгі жол жабылды

«Қазавтожол» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалы Ақтөбе облысында қар аралас жаңбыр жауып, оның арты көктайғаққа ұласуына байланысты кеше түнде республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1357-1240 шақырымы аралығында барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойды. 

Арал қаласынан бастап Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі бұл аумақ  қазір төтенше жағдай қызметі мамандарының бақылауында тұр.

 

Қызылорда облысы