Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілгелі бері қысқа уақыттің ішінде 70 жекеменшік мектеп ашылды. Соңғы 10 жылда биыл жекеменшік мектептер көбірек ашылды.
Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары 90-нан астам жекеменшік мектеп ашылады деп күтілуде.
Жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың мақсаты - оқушы орындарының тапшылығын қысқарту, жеке меншік мектептер желісін кеңейту, жаңа озық педагогикалық әдістемелер мен білім беру бағдарламаларын енгізу және оқушыларды қосымша біліммен қамту.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға жаңадан ашылған барлық жекеменшік мектептер үміткер бола алады.
Сонымен қоса, жекеменшік мектептер құрылыс және рекоснтрукция жасау жолымен ашылған жағдайда инвестициялық шығындарды өтеуге мүмкіндік беретін ұлғайтылған мөлшер төленеді.