24 Шілде, 2013

Шымбайға батса да шындықты айтайық

380 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Түрлі жат ағымдардың жетегінде кетіп, солардың сойылын соғып жүрген қаракөз бауырларымызды көрген сайын Африка елінің көсемі Нельсонның: «Миссионерлер елімізге келгенде қолдарында кітап, біздің иелігімізде жер болған еді. Көзімізді жұмып қайта ашқанымызда олардың иелігінде жер, ал біздің қолымызда кітап қалды», деп ащы да болса шымбайға бататын шындықты айтып кеткен ойлы сөзі тіл ұшына орала береді.

Бөлінгенді бөрі жейді

Иә, ата-бабасы ғасырлар бойына ұстанып келген қасиетті де қастерлі дәстүрлі дінінен бүгінгі ұрпағының қағынан жеріген құландай жиренуіне не себеп сонда? Жүз отыздан астам ұлыс пен ұлт өкілдерінің баласын кең құшағына сыйдыра білген сайын дала төсінде қазақтың баласының бірі – сәләф, бірі – уаһаб, енді бірі құраншыл болып, басы қосылмайтыны несі? Жә, олар бірдеңені біліп айтса, жөн дерсің-ау. Ал ештеңенің байыбына бармастан, елінің, жерінің, ата-бабасы жүріп өткен сан ғасырлық жолының тәлейі тарихын білмей тұрып «анау айтты мен» дүрмекке айқай қосып: «Намаз оқымағанның бәрі кәпір» немесе «Әкең намаз оқымайтын болса, тілін алма, шешең намаз оқымаса, қолынан шәй ішпе», «Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетін орындау міндет емес» және т.с.с. деп жүргендердің іс-әрекеті қай ақылға қонады? Ағайынын «адастыға» санап жүрген ондай бауырларымыз туғанына, қала берді елі мен жеріне опасыздық жасаумен қатар, ең алдымен, өздерінің адасып жүргенін біле ме екен? Қасиетті Құранда: «Әй мүміндер! Алладан шынайы қорқумен қорқыңдар да мұсылман болған күйде ғана өліңдер. Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» («Әли Ғымран» сүресі, 102-103-аяттар), күллі мұсылман баласына бөлінбеңдер деп ашық айтып тұрған жоқ па?

Шынтуайтына келер болсақ, жатжұрт­тықтарға сенің өзің де, дінің де керек емес. Олардың көздегені басқа. Көбісінің аузының суы құри бағып отырғаны – сенің ұлан-ғайыр жерің мен жерасты қазба байлықтарың. Кезіндегі «бөліп ал да билей бер» деп қазақ жерін емен-еркін билеп-төстеген отаршыл патшалық Ресейдің саясатын бүгінгі таңда мұхиттың арғы жағындағы мысықтілеулілер қолданғысы келеді және мұсылманды мұсылманға айдап салып қолданып та жүр. Төскейде малы, төсекте басы қосылған қарға тамырлы қазақ баласының болмашыға бола жүз шайысып, бет жыртысып жүргені жымысқы әрекетті саясаттың құрбаны болғаны емей немене? Ал бұл көрініс қалыпты жүйеге айналып кететін болса, аз уақыттан кейін: «Бөлінгенді бөрі жейдінің» кебін киіп, тоз-тоз болып кетпесімізге кім кепіл?

Ел ішінде соңғы кездері алаңдаушылық туғызып отырған осындай келеңсіздіктердің алдын алып, рухани сенімнің қоғамдағы орнын айқындау үшін алғаш рет Елбасы жат ағымдардың теріс бағыттағы әрекетінің салдарынан орын алып отырған діни келеңсіздіктерді тілге тиек ете тұрып, өзінің: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат, жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.

Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек», дей келіп, «Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс», деп қадап айтқанын әрбір саналы азамат есінде мықтап ұстағаны абзал.

Лаңкестік әрекет діннен емес

Өз заманының ұлы ойшылы Ф.Гастенкердің: «Дүниедегі тепе-теңдікті ұстап тұрған ислам діні. Дін шайқалса, әлем шайқалады» дегені бар. Біз бүгін соның куәсі болып отырмыз. Мәселен, бүгінгі таңда мұсылман әлеміндегі Иран, Ирак, Сирия, Палестина сияқты мемлекеттердегі бейбіт тұрғындардың үрейін туғызып, тыныштығын қашырып отырған дүрбелең жағдай шынайы діннің әрекеті емес, ол сол жерлердің байлығына көз сүзген, дінді жамылғы етуші сырттан келген саяси күштердің ықпалы екендігі жасырын емес. Бұрнағы жылы еліміздің батыс өңірлерінде орын алған лаңкестік әрекеттерді де ел ішіне іріткі салу арқылы тұрақтылықты шайқалтқысы келген дінді жамылғы етуші бұзақы пиғылдылардың әрекеті деп білген жөн. Мұның ең қауіптісі – дін жолында жүрміз деген жастарымыздың жасаған амалдарының соңы н