Руханият • 04 Желтоқсан, 2019

Мәдина Ерәлиева атындағы әншілер байқауы өтті

609 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалыда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Мәдина Ерәлиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауы өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәдина Ерәлиева атындағы әншілер байқауы өтті

Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Арал және Қазалы аудандарынан талапкерлер қатысқан байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов әншілерге сәттілік тіледі.

Өнерпаздар бірінші кезеңде Мәдина Ералиеваның репертуарынан ән орындаса, екінші кезеңде өздерінің қалауы бойынша бір ән айтты.   

Дарындылар додасында бас жүлде Мадияр Жеткергенге бұйырды. Нұрбол Тұранов бірінші, Аманжол Сламов, Айтуған Сембаев пен Ерлан Едігеев екінші, Динара Жакешова, Әмір Сариев, Әсел Тұрғанбаева үшінші орынға қол жеткізді.

Байқауда «Ақбаян» номинациясымен Айғаным Тілепова марапатталды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған шараны облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп өткізді.