Шарада қонақтар этнос өкілдері әзірлеген қолөнер көрмесін тамашалады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова бірлестіктің бірқатар белсендісін марапаттап, өңірдегі қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы бастамаларды бір саралап өтті.
- Әр ұлттың мәдени күндері сан ұлтқа сая болған Сыр өңіріндегі этностар тарихын, олардың мәдениетін танып-білуге деген қызығушылықты арттыра түседі. Достық үйіндегі бұл шараға да келушілер қатары көп. Орталықтың басшысы Ирина Шекке, бірлестік өкілдеріне қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін, - деді.
Неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек Тереңөзек кентінен келген «Достық» ансамблі мүшелерінің, Александра Кокшарова мен Константин Луца секілді өнерпаздардың өнеріне алғыс айтып, оларға көп алдында құрмет көрсетті.
Мәдени күнде әртүрлі жанрларда ән, би, өлеңдер орындалды. «Достық» ансамблі мен «Адажио» би ұжымы өнерін келушілер жоғары бағалады.
Қызылорда облысы