Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Жетісу аграршылары 780 млрд теңгенің өнімін өндірді

167 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы облысының ел экономикасындағы үлесі аграралық саладағы табысты көрсеткіштерімен айқындалады. Оның бір дәлелін Жетісу аграршылары биыл өндірген өнімнің жалпы құны 780 млрд теңгеге жетуінен аңғаруға болады.

Жетісу аграршылары 780 млрд теңгенің өнімін өндірді

Яғни, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыруды қамтамасыз ету мақсаты орындалып келеді. Таратып айтқанда, аймақта мал саны мен агроөнеркәсіп өнімдерін өндіру артып келеді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда саланың өнімділігі орташа 4,5 процентке өскен. Бұл нәтижеге облыста 102 мал бордақылау алаңы, оның ішінде асыл тұқымды мал бордақылау алаңдарының көптеп ашылуы арқасында қол жетті. ашылуы осындай нәтижеге жеткізді.

Ал өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар алқабы 7 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы көлемі 961 мың гектарды құрады. Бұл салада 1,4 млн. тонна өнім жиналып, дақыл шығымы орта есеппен әр гектардан 31 центнерге жеттіп отыр. Әсіресе, жүгерінің шығымы жылдағыдан жоғары. Түсім гектарынан 67 центнерден айналып, барлығы 550 мың тонна өнім жиналған.

- Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы жетістері бізді үнемі қызықтыруда. Алайда, мұның еш құпиясы жоқ. Жетісу жерінің қолайлы климаттық жағдайына қоса, облыс шаруалары өз жұмыстарын ғылымға негіздеп ұйымдастырып отыр, - дейді Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының профессоры, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман.

Академиктің айтуынша, облыс аграршылары отандық ғалымдармен тізі қосып жұмыс істеуде. Нәтижеснде, егін, мал шарушылығы саласы бойынша өнімділік жоғары болып отыр екен.

- Бүгінде жаңа технологияны қолдану еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын да арттырды. Мәселен, «Байсерке Агро» серіктестігі ауыл шаруашылығы ғалымдары мен өндірушілердің басын біріктіріп, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеуіне мұрындық болып отыр. Сол сияқты отандық, ТМД аумағындағы және шетелдік ғалымдармен белсенді жұмыс істейді. Агрохолдинг негізінен мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, алынған өнімді тереңнен өңдеуге, жылыжай шаруашылығына, омарташылыққа маманданған. Мәселен, шаруашылықтағы сүт өндірісінің жылдық өнімі 3,8 - 4 мың тонна, ал биылғы жылы өсімдік шаруашылығы бойынша ректордтық көрсеткішке қол жеткізді. Атап айтқанда, соя өсіру 79 центнерге, тамшылатып суару арқылы өсірілген жүгерінің шығымы - 185 цетнерге дейін көбейді, - дейді академик Ғалиолла Мейірман.

Айтпақшы, облыста үздік нәтиже көрсеткен диқан мен шаруаны құрметтеу ісі дәстүрге айналған. Биыл да аймақтың ауыл шаруашлығы қызметкерлері облыс орталығында өткен жиынға келіп, есепті жылды қортылады. Табыс тасығандардар облыс әкімінің марапатын алып, үздіктерге су жаңа трактордың кілті тапсырылды. Барлығы жетпістен астам еңбеккерге «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Ал Іле ауданындағы «Оңалбаев» шаруа қожалығы мен Талғар ауданындағы «Байсерке-Агро» серіктестігінңжетекшілеріне «МТЗ-82.1» жаңа тракторлары сыйға берілді. Сондай-ақ, Қарасай ауданындағы «Оңтүстік» агропаркі мен Кеген ауданындағы «Мәди» шаруа қожалығы 600 және 500 мың теңгенің сертификатына ие болды. Осындай марапатқа көксулық «Балпық» және Райымбек ауданындағы «Өркен» шаруа қожалықтары да лайық болып, 500 және 400 мың теңгенің сертификаттарын алды.

 

Алматы облысы