Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Қостанай облысындағы жақсартылған жолдар үлесі 69 пайызға жетті

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Ахимед Мұхамбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметі алаңында берген брифингінде айтты. Онда Архимед Бегежанұлы өңірдің аяқталғалы тұрған жылдың он айындағы экономикалық және  әлеуметтік дамуына шолу жасады. Онда өңір басшысы жолдар туралы да айтты.

Қостанай облысындағы жақсартылған жолдар үлесі 69 пайызға жетті

«Бүгінгі күні  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2018 жылғы 66 пайыздан биыл  69 пайызға дейін өсті» деді. Жалпы облыс өңірінде     9,3 мың шақырым жол бар, оның  85 пайызы жергілікті маңызы бар жолдар.  

Облыста ағымдағы жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 37,3 млрд теңге бөлінді, өсімі 12 пайызды құраған. Бұл 550 шақырымнан астам автожолды қайта жаңартуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Тек облыс орталығында ғана жолдарды салуға, қалпына келтіруге және жөндеуге 7,7 млрд теңге жұмсалды. Архимед Бегежанұлы осы орайда «Қостанай» әуежайының қайта жаңартылған ұшу-қону жолағы туралы да ақпарат бере кетті. Жасанды ұшу-қону жолағының ұзындығы 300 метрге (2 814 м) және ені 15 метрге (60 м) кеңейтілді. Бұл аэродромда жалпы салмағы 200 тоннаға дейінгі ұшақтардың барлық түрлерін қабылдауға және пайдалануға мүмкіндік береді. Ауданы 16,3 мың шаршы метр аэровокзал ғимаратының алдында әуе кемелері тұратын  перрон салынды.

 

ҚОСТАНАЙ