Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Қостанайда жыл басынан бері 281 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жәрналистермен брифинг өткізген облыс әкімі бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге де тоқталған еді.

Қостанайда жыл басынан бері 281 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде соңғы 4 жылда облыста 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, оның құрылысына 100,0 млрд. теңге инвестиция тартылды. 10 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Бүгінгі күні облыс орталығында «Әуежай», «Юбилейный» және «Береке» жаңа шағын аудандары қарқынды салынып жатыр. 2020 жылы көпқабатты үйлер мен жеке тұрғын үй құрылысын аралас сала отырып, «Қонай» шағын ауданын игеру жоспарға енді.

Жыл басынан бері 281,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тұрғын үй құрылысына 24,8 млрд. теңге инвестиция салынды.  Жыл соңына дейін 330,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.

 

ҚОСТАНАЙ