Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Алматыға беделді еуропалық сәулетші Райнер Махламяки келді

408 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыға қазіргі заманның айтулы сәулетшілерінің бірі Райнер Махламяки келді. Urban Forum Kazakhstan қоры мен Tikkurila компаниясының «Қалалар мен адамдар» білім беру бағдарламасының аясында шақырылған Райнер Махламяки заманауи архитектура және урбанистика туралы кәсіби қауымдастықтың білімін кеңейтуді көздеп отыр. Сәулетші дәрісінің негізін соңғы 100 жылдағы фин сәулетшілік өнерінің тарихы құрайды.

Алматыға беделді еуропалық сәулетші Райнер Махламяки келді

Мәселен, фин сәулет мектебінің тәжірибесі – объектілерді жобалауда өзінің гуманистік тәсілімен қызықты. Фин концепциясына құрылған білім беру мекемелері – оқуға ынталандырады, монументалды ғимараттары рухтандырады, ал тұрғын үйлері әлеммен үйлесімде өмір сүруге көмектеседі.

«Архитектуралық шешім ешбір жағдайда орта дизайнын басып кетпеуі тиіс. Әлемді қайта құру идеясының ығына жыңылып кетпей,  қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Өйткені, архитектурадағы ең бастысы–қабырғалар немесе жабындар емес, кеңістік пен атмосфера», – дейді Райнер Махламяки.

Махламякидің пікірінше, қазіргі заманғы архитектураның дамуы өзара байланысқан үш трендке – сыртқы әсерлерге тұрақтылыққа, қала белсенділері мен тұрғындарын қалалардың келбетін жобалауға тартуға, сондай-ақ жергілікті мәнмәтінге назар аударуға бейім.

Сыртқы әсерлерге тұрақтылық – бұл қаланың өз келбетін сақтай отырып, өсу және өзгеру қабілеті. Қала тұрғындары мен көзқарас көшбасшыларының араласуынсыз шаһарларды абаттандыру мүмкін емес. Олар көбінесе қаланың нақты мұқтаждықтарын анықтауға ғана емес, сонымен қатар оның бірегей сәулет-құрылыс дәстүрлерін сақтауға көмектеседі.                                              Сәулет компанияларының қалалық қоғамдық кеңестермен ынтымақтастығы әлемдік норма болып табылады. Мысалы, Хельсинкиде Райнер Махламякидің бюросы көлік және теміржол вокзалын, туристік және сауда орталығын, офистік жайлар мен тұрақ аймағын қамтитын Tikkurila сауда-туристік орталығын жобалауға жұмыс істейді. Тарихи ғимараттар ансамблінің тұтастығын бұзбай, көлік бағыттарына кедергі келтірмей, қоршаған ортамен органикалық үйлесім табу үшін сәулетшілер командасы қалалық даму тобымен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазір Қазақстанда да «бірге жобалау» қағидаттары енгізілу үстінде. Мәселен, фресканың эволюцияланған түрі болып табылатын қалалық шығармашылық объектілері – муралдарды құруда Tikkurila компаниясы тұрақты бастамашы әрі серіктестердің бірі болып табылады.

 

АЛМАТЫ