Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019

Үкімет үйінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

239 реткөрсетілді

Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қорғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Үкіметке жұмыс істейтін азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған болатын. 

Отырыс кезінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің тиімділігін бағалауды және халықаралық тәжірибе талдамын ұсынды. 

Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалану, Бірыңғай әлеуметтік қор құру, бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу және басқа да мәселелер талқыланды. 

Отырыста аталған мәселелер бойынша сындарлы талқылау жасалып, пікір алмасылды, тиісті ұсыныстар білдірілді. Биылғы жылдың соңына дейін жұмыс тобы ұзақмерзімді актуарлық модельдер негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады. 

Отырысқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «First Heartland Jysan Bank» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев, «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Алёна Романова, «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС аға серіктесі Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. 

Соңғы жаңалықтар

Қоржынымыз бос қайтты

Қысқы спорт • Бүгін, 06:56

Боксшылар Амманда іріктеледі

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 06:53

Нақыл сөздерге толы ағаш

Аймақтар • Бүгін, 06:47

Кемел ойлардың кемеңгері

Абай • Бүгін, 06:41

Мағауин мифі

Руханият • Бүгін, 06:35

Мүдделер тоғысы

Әлем • Бүгін, 06:32

Ауғанстанда ұшақ құлады

Әлем • Бүгін, 06:30

МӘМС: атқарылды көп іс

Медицина • Бүгін, 06:22

Көше бойындағы мәдениет

Қоғам • Бүгін, 06:06

Сары нөмір берілетін болды

Қоғам • Бүгін, 06:05

Қаңтардағы қарлы құрсау

Қоғам • Бүгін, 06:03

Ұқсас жаңалықтар