Президент • 10 Желтоқсан, 2019

Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс

156 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордада «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жолдаудың тиімділігі арттырылуы тиіс

Жиында бастапқы қорытын­дылар мен Жолдауды іске асыру мә­селелері қаралды. Алғашқы болып сөз алған Президент Әкімші­лігі Басшысының бірінші орынба­сары Дархан Кәлетаев саяси тұрақ­тылық, ұлттық қауіпсіздік және ел азаматтары алдындағы би­лік­­тің жауапкершілігін арттыру Мем­лекет басшысы сая­саты­ның негізгі бағыттары санала­ты­нын айтты. «Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұ­жы­рымдамасы азамат­тар­дың бар­лық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін билік пен қоғамның тұ­рақ­ты диалогын құру негізінде жатыр», деді ол.

Конференцияның пленарлық отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мем­лекет басшысының Жол­дауын іс­ке асыру үшін 81 іс-шарадан тұ­ра­­тын Жалпыұлттық жос­пар қа­был­данғанын мәлімдеді. Жос­пар заман талабына сай тиім­ді мем­лекет, азаматтардың құқы­қ­та­ры мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және ин­клю­­зив­ті экономика, әлеуметтік жаң­ғы­ру­дың жаңа кезеңі, қуатты өңір­лер сияқты 5 негізгі бағытты қамтыған.

Сонымен қатар министр биыл ел экономикасында жақсы жетіс­тіктер барын жеткізді. «Эконо­миканың өсуі бар. ІЖӨ өсімі мау­сым айында 2,9%-дан 4,1%-ға дейін көбейді, ал 10 айдың қо­ры­тындысы бойынша өсім көр­сеткіші 4,4%-ды құрады.

Экономикалық белсенділіктің артуы көбінесе шикізаттық емес сектор өндірісі көлемінің ұлғаюы­мен байланысты. Оның ІЖӨ өсуін­дегі үлесі 4,4 пайыздан 3,8 па­йыздық тармақты құрады. Ал екі таңбалы өсім жеңіл өнер­кәсіпте (+18,9%) және фармацевтикада (+15,2%), сондай-ақ машина жасауда (+18,8%) байқалады.

Жалпы, өндірістегі белсен­ділік еңбек нарығының көр­сет­­кіш­теріне оң әсер етті. Осы жыл­дың қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. Халық­тың нақты табысы өсуде. 2019 жыл­дың 9 ай қорытындысы бо­йынша өсім 6,4%-ды құрады. Ал инфляция көрсеткіші қараша айын­да 5,4% болып отыр. Жалпы тауар айналымы 70,4 млрд теңгені құрады. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында сауда теңгерімі 15 млрд АҚШ долларынан асты. Экспорт көлемі 42,7 млрд АҚШ долларын, ал импорт 27,6 млрд АҚШ долларын құрады», деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ конференция барысында Руслан Дәленов шағын және орта бизнесті қолдау бас­ты мін­деттердің бірі екеніне тоқ­та­лып өтті. «Бүгін еліміздің бел­сен­­ді халқының 30%-дан астамы шағын және орта бизнесте жұ­мыс істейді. Соңғы 5 жылда ШОБ субъектілерінің саны 1,5 есе­ге көбейіп, 1,3 млн-ға жетті.  Мик­ро және шағын кәсіпкерлік субъек­тілері үш жылға табыс салығын төлеу­ден босатылады. Осылайша бизнес иелері 3 жыл ішінде 382 млрд тең­ге үнемдейді. Үнемделген ақ­ша кәсіпкерлерге айналым қара­жатын толықтыруға және жалпы өз қызметтерін жақсартуға мүм­кіндік береді», деді министр.

Тұжырымдамалық мәселелер туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады. Оның айтуынша, Жолдауда білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінген. «Білім деңгейі жоғары кәсіби кадрлар – елдің зият­керлік әлеуетінің негізі», деп атап өтті министр. Сонымен қатар «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Президент жанындағы Қазақ­стан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова Жолдау қоғамдық санада идеялық-құндылық бейне қалыптастыруға бағытталған бағдарламалық құжат деп ойлайтынын жеткізді.

Ал Парламент Мәжілісінің де­пу­таты Аманжан Жамалов Пре­­зидент Жолдауында маңызды әле­уметтік және экономикалық тап­сыр­­малардың берілгенін айта келе, азаматтардың зейнетақы жи­нағын білім немесе пәтер алуға жұмсауына байланысты пікірін білдірді.