Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

Сәндік-қолданбалы өнер колледжі мамандарымен мақтанады

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағаш, металл өңдеуші, көркемдеуші-суретші мамандар Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің мақтанышы. 

Сәндік-қолданбалы өнер колледжі мамандарымен мақтанады

Алматыда орналасқан Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі кескіндеме, театр безендірушісі, мүсінші, көркем-таңба, көркемдеп ағаш өңдеуші, қыш бұйымдарын көркемдеуші, көркемдеп металл өңдеуші, көркемдеп мата безендіруші, көркемдеуші-суретші мамандықтарын даярлайтын өнер саласындағы ең алғашқы оқу орны болып саналады.

1938 жылы қазақ көркем сурет училищесі болып ашылған, мұнда алғашқы жылдары бір мамандық (орта мектептің сурет пәнінің мұғалімі) бойынша кадр даярлады. 1992 жылы училищеге О.Таңсықбаев есімі берілді.

Қазақстанға белгілі кескіндемешілер А.Ғалымбаева, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, Қ.Телжанов, т.б. осы колледж түлектері.

Сексен жылдан астам  тарихы бар салт-дәстүрге бай шығармашылық ұжым директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері профессор Сейітқали Шалабаевтың айтуынша,   ұжымының алға қойған мақсаты еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын қолдай отырып, ұлттық өнерді дамытатын бағдарламалар жасап, жас таланттардың шығармашылық қабілеттерін жоғары көтеріп, биік жетістіктер шыңынан көріну.

 

АЛМАТЫ