Аталған келісім Ұлттық жедел медициналық көмек орталығының директоры Біржан Оспанов пен атыраулық ерікті Арман Қасымовтың арасында жүргізілді. Келісім бойынша атыраулық еріктілердің тәжірибесі 2020 жылдан бастап еліміздің өзге өңірлерінде жүзеге аспақ.
- Бұл әріптестік аясында біздің 2008 жылдан бері Атырау облыстық жедел жәрдем станциясында атқарып келе жатқан тәжірибеміз еліміздің барлық өңірінде жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, оқушыларға алғашқы көмек беру шараларын үйрету үшін мектептерді де аралаймыз, - дейді Арман Қасымов.
Айта кетейік, биыл Ұлттық волонтерлер желісі ұйымдастырған «Қазақстанның үздік еріктісі» сыйлығында атыраулық еріктілер «Медицинадағы еріктілік» аталымы бойынша үздіктер қатарынан көрінді.
Атырау